ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ЖЫРҒА АЙНАЛҒАН ЖАҢА БАСПАНА

17:05, 1 қазан 2020

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған Өскемендегі көп қабатты тұрғын үйлерден тағы да шу шықты.  Тұрғандарына бір жыл толмастан баспаналарының проблемасы шаш етектен болғанын айтып, телеарнамызға тұрғындар хабарласты. Аспанды қара бұлт торласа мына тұрғындардың да көңілін бұлт торлайды. Құдайдан тілейтіндері жаңбыр жаумаса екен. Өйткені үйдің шатырынан сорғалаған су бесінші этажды қойып, бірінші этаждың қабырғаларын сызға айналдырған.  Жаңбыр жауса құндақтаулы баласын көтеріп, туысқанға босып кететін бір Балжан емес, осындағылардың бәрі. Жыртық шатыр былай тұрсын, мұнда электр жарығы да тұрғындарды әбден мезі еткен. Үй деген аты болмаса, сапасы сын көтермейді дейді тұрғындар. Үй шатырына шыққан құрылысшының аяғы төбені тесіп кеткен де кез болған. Көп қабатты үйдің жертөлесі де жетісіп тұрған жоқ. Кәріз құбырларының бәрі қалай болса, солай салынған. Адам безген тұрғын үйді кеміргіштер мен жыландар мекендеп алған. Жаз бойы солармен алыстық дейді тұрғындар. Сөздің қысқасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған су жаңа баспананың қуанышынан уайымы көп болып тұр.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар