ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

13:52, 30 сәуір 2019

Өскеменде жылыту кезеңі аяқталды. Осыған байланысты қала басшылығы коммуналды қызмет мамандарының сапалы жұмысына алғыс білдірді. Барлық дерлік бөлімдер қала әкімі Жақсылық Омардың атынан алғыс хат алды. Александр Халанский – жылу техникасы шебері. 1977 жылдан бері «Өскемен-Водоконалда» қызмет етіп келеді. Ол қала басшылығы коммуналды қызметтің еңбегін алғаш бағалауы ерекше қуантатынын айтады. Шебердің айтуынша, бұл саладағы мамандардың еңбегі көлеңкеде қалып қоятынын, әйтсе де қала тұрғындарының жылу жайына барлық күштерін салады. Қала басшысының алғыс хатын барлығы: жер сыпырушылар, электргазбен дәнекерлеушілер, тракторшы мен иенженерге дейін алды. Жақсылық Омар әр қызметкерге жеке алғыс білдіріп, биылғы жылыту кезеңінің төтенше жағдайсыз өткенін айтты. Келесі жылыту кезеңі де апатсыз өтуі үшін коммуналды қызметкерлерге облыс орталығының қазандықтарын тыңғылықты жөндеу тапсырылды. Сонымен қатар жоспарланған ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін аяқталуы керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...