ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

14:39, 15 қазан 2020

Қысқа 100 пайыз дайын. Алтай ауданы Серебрянск қаласында жергілікті қазандықтың жабдықтары жаңартылды. Жағымды жаңалық тұрғындарды қуантуда. Бұл құрылғылар Кеңес Одағы кезінде жасалған. Қондырғының қуаты аз. Ол тек шағын ауылды жылытуға қабілетті. Ал, қазіргі қазандықтардың қуаттылығы олардан жоғары. Міне, әбден тозығы жеткені көрініп-ақ тұр. Серебрянск қазандығы 1981 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда төрт бу қазандығы алғашқы күннен бастап іске қосылған. Бірақ бір кездері тұтынушылардың болмауына байланысты олар қайта жасалып, су жылыту режиміне ауыстырылды. Ал, бұл қайта қалыпқа келтірілген № 4 қазандық. Мамандардың айтуынша, оның жалпы қуаты қалған үшеуден де жоғары. Қазандықты жаңғыртуға мемлекет тарапынан 239 миллион теңге бөлінген. Жылу орталығы басшысының айтуынша, барлық жұмыстар мерзімінен кешіктірілмей уақытылы жасалды. Өте дұрыс шешім болды. Себебі соңғы жылдары Серебрянск қаласында жылу тұтынушылар саны артып, қала тұрғындары өз үйлері мен пәтерлерін орталықтандырылған жылытуға қосуға ниет білдірген. Серебрянск қаласының әкімі Сергей Гордиенконың айтуынша, қазандық жабдықтарын ауыстыру тұтынушыға жылумен жабдықтау ақысын үнемдеуге де мүмкіндік береді. Айта кетейік, Серебрянск қаласында жылыту маусымы 25 қыркүйекте басталды. Орталық жылуға барлығы 39 көпқабатты тұрғын үй қосылды. Сонымен қатар қалада көмір қоры да жеткілікті. Шаһар басшылығының хабарлауынша, 4 жарым мың тонна көмір бар. Бұл қаңтар айына дейін жетуі тиіс дейді олар.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар