ШҰҒЫЛ! Салыққа салғырт қарамаңыз Толығырақ

Жылу беріледі

14:30, 3 қазан 2019

Жарма ауданында 8 жыл тоқтап тұрған қазандық жұмысы ретке келтірілді. 2011 жылы ауданның Шуақ ауылында құрлысы басталған нысан, бірқатар қиындықтарға байланысты тоқтап қалған болатын. Биыл істі қолға алған өзге мердігер көп кешікпей қазандықты қолданысқа бермек. Толығырақ әріптестеріміз жалғастырады. Шуақ ауылындағы жаңа қазандық 2013 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда, мердігер тақырға отырып, құрылыс жұмыстары аяқсыз қалды. Осы уақытқа дейін жергілікті мекен 1965 жылы тұрғызылған ескі қазандықпен жылытылып келді. 2019 жылдың шілде айында ескі істі жаңа мердігер қолға алды. Өңір басшысы Даниал Ахметов мазутпен жұмыс істеген ескі қазандықтың шығыны көп болғанын айтады. Оны пайдалану үшін жылына 500 миллион теңге қаржы кетеді. 10 қазан  күні Шуақ ауылында қоныстанған 500 жанұяға жылу беріледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар