ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

«Жүрек жылуы» жобасы

15:02, 27 наурыз 2020

Өскеменде ерікті мешіт жамағаты нұрсұлтандық тұрғындарға маска тігіп жатыр. Ал облыстағы «Зекет» қоры 600 отбасыға азық-түлік жібермек. Сауапты іс «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі бастамасымен «Жүрек жылуы» жобасы негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Облыстық Халифа Алтай мешітінде қазір жұмыс қызу. Соңғы бірнеше күнде қолынан іс келетін әйелдер қауымы бас біріктіріп, бетперделердің мыңдаған данасын тігіп жатыр. Еріктілер қатары күн санап артып келеді. Көптің тілегі ортақ – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Еріктілер тек екі күннің ішінде 1300-ге жуық маска дайындаған. Апта соңына дейін бетперделер санын 6 мыңға дейін жеткізу межесі тұр. Жұмыс күші жеткілікті. Дегенмен, «көмек қолын созамын дегендердің бетінен қақпаймыз» дейді қайырымды істің басы-қасындағылар. Қайырымдылық керуенінен аудан мешіттері де шет қалмаған. Жиналған қордың барлығы шығыс жұртының жылуы. Екі күннен соң арнайы дайындалған мына қораптар астанаға аттандырылады. Ондағы қарт жандар мен тұрмысы төмен 600 отбасыға үлестіріледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар