ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ӘЗІРЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

13:50, 27 қараша 2020

Өскемен қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа ғимаратқа көшті.  Жаңғыртылған ғимарат бұрынғы жедел медициналық көмек ауруханасының кардиология бөліміне тиесілі еді. Қала басшылығының шешімімен тозығы жеткен нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа кейіпке енді. Бұл жерде тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. «Жұмыспен қамту орталығы» бір мезетте 200-ден астам адамды қабылдауға қауқарлы.  Бұған дейін жедел медициналық көмек ауруханасының қарамағында болған нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен. Жаңа кейіпке енген ғимарат қазан айының соңында пайдалануға берілді. Жұмыспен қамту орталығында түрлі бағыттар бойынша 90-нан астам маман тұрғындарды қабылдайды. Сонымен қатар, бұл орталықта көп балалы аналардың жағдайына да баса мән берілген. Мұнда шағын бала-бақша да жұмыс істеп тұр. Қандайда бір мәселемен келген ана еш алаңсыз баласын  арнайы бөлімге қалдырып, қажетті қызметтерд ала алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бір ғана залда жүргізіледі. Сол жерден тұрғын үйге кезекке тұрудан бастап, гранттар, несие алу сынды  қызметтерді бірден алуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН: ПАЙДАЛЫ МА, ЗИЯНДЫ МА?
17:32, 25 қаңтар 2021
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН: ПАЙДАЛЫ МА, ЗИЯНДЫ МА?
Толығырақ...
АЛТАЙДЫҢ БАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАСЫМ
17:30, 25 қаңтар 2021
АЛТАЙДЫҢ БАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАСЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
17:15, 19 қаңтар 2021
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
Толығырақ...
  «ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
13:38, 19 қаңтар 2021
«ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
Толығырақ...
ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
13:32, 20 қаңтар 2021
ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...