ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Жұмыспен қамту

14:04, 29 мамыр 2020

Өскеменде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»  бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес түрлі саладағы 113 нысан қайта жөндеуден өтеді. Бес мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Биыл Жұмыспен қамту жол картасы аясында «Алтай» стадионы, жас техниктер станциясы, қалалық дене шынықтыру және сауықтыру кешені қайта жөнделеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша «Үлбі» орталығын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мамандардың айтуынша мемлекеттік бағдарлама тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы  және инфрақұрылымыды дамыту арқылы  жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықты еңбекке араластыруға мүмкіндік береді.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар