ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

16:27, 12 қазан 2018

Қазақстандықтардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыруға бағытталған Президент жолдауын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар мен жастар да атсалысады. Өскеменде Шығыс Қазақстан халқы ассамблеясы мен жастар ұйымдары жиын өткізіп, Жолдаудың басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, кездесуде маңызды құжатты жүзеге асырудағы ассамблеяның рөлі сөз болды. Жиынға мемлекеттік мекеме өкілдері, қаланың зиялы қауымы және студенттер қатысты. Жаңа Жолдаудың жастар үшін маңызы зор. Себебі, Президент 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Астанада өткен республикалық жастар форумында осы міндетті жүзеге асырудың жолдары жан-жақты талқыланған болатын. Бұл орайда облыстық «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқанова жолдауда көрсетілген бірнеше бағыт бойынша жұмыстарын бастап кетті. Оның мақсаты - тәрбиеленушілеріне сапалы білім беріп, келешекке деген зор сенім қалыптастыру. Халықтар Ассамблеясының да биыл атқарар жұмысы көп. Табысты, сапалы нәтиже көрсету мақсатында олар аянып қалмақ емес. Достық үйінің директоры Елдар Төлеубековтың айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттырып, ынтымағын нығайтуға бағытталған Жолдау аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Осылайша «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауды жүзеге асыруға азаматтық ұйымдар мен жастар ұйымдары бірауыздан атсалыспақ. Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылығына көптеп көңіл бөлу керектігі жөнінде айтты. «Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді» деді Елбасы.

 

Қазақстандықтардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыруға бағытталған Президент жолдауын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар мен жастар да атсалысады. Өскеменде Шығыс Қазақстан халқы ассамблеясы мен жастар ұйымдары жиын өткізіп, Жолдаудың басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, кездесуде маңызды құжатты жүзеге асырудағы ассамблеяның рөлі сөз болды. Жиынға мемлекеттік мекеме өкілдері, қаланың зиялы қауымы және студенттер қатысты.

Жаңа Жолдаудың жастар үшін маңызы зор. Себебі, Президент 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Астанада өткен республикалық жастар форумында осы міндетті жүзеге асырудың жолдары жан-жақты талқыланған болатын. Бұл орайда облыстық «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқанова жолдауда көрсетілген бірнеше бағыт бойынша жұмыстарын бастап кетті. Оның мақсаты - тәрбиеленушілеріне сапалы білім беріп, келешекке деген зор сенім қалыптастыру.

Халықтар Ассамблеясының да биыл атқарар жұмысы көп. Табысты, сапалы нәтиже көрсету мақсатында олар аянып қалмақ емес. Достық үйінің директоры Елдар Төлеубековтың айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттырып, ынтымағын нығайтуға бағытталған Жолдау аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Осылайша «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауды жүзеге асыруға азаматтық ұйымдар мен жастар ұйымдары бірауыздан атсалыспақ.

Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылығына көптеп көңіл бөлу керектігі жөнінде айтты. «Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді» деді Елбасы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар