ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

БАБАЛАР МҰРАСЫ

16:27, 12 қазан 2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дүниеге келген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы өз жемісін беріп келеді. Осы орайда «Бабалар мұрасы» халықаралық фестивалі болып өтті. Ел аузынан жиналған фольклор, көне ескерткіштер тарихы мен бүгінгі өмір көріністерін бейнелеген қолөнершілер туындылары мәдениет қорын байыта түскендей. Тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор көне халық ауыз әдебиеті үлгілері мәдени-рухани, тарихи өмірден сыр шертеді. Көпшіліктің көңілін көтеріп, мерекелік күйге бөлеген концерттік бағдарламада халықтың ән-күй, би, жырларымен қоса, ежелден бері ел аузында сақталып келе жатқан аңыз-әфсаналардың үзінділерінен сахналық қойылымдар қойылды. Фестивальға келген жұрт жергілікті шығармашылық ұжымдардың өнерімен қоса, тарихи-мәдени ескерткіштер, «Алтын адамды», археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Жақында Монғолия елінен тарихи Отанына көшіп келіп жатқан Уля Бөкен өз қолынан тігілген бұйымдарын көрмеге қою мүмкіндігіне ие болғаны үшін қуанышты. Халықты өнер құдіретіне бас идіртіп, талантты мойындату – үлкен шеберлік. Бұндай шарада, біріншіден, халық арасында көмескі тартып, ұмытыла бастаған төл әдебиет пен өнер жанданса, екінші жағынан көрегенкөзді елдің ақжарма тілеулестігі мен ықыласы арқасында жас дарындар қалың топ ішінен танылады. Фестивальда елді өнерлерімен тәнті еткен зайсандық жас артистердің мерейін өсіріп, баптап жүрген Алма Сүлейменова жемісті еңбек етіп келеді. Концерт соңында көрермендердің алдында өнерлерін ортаға салған шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнерпаздар марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар