ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР

17:56, 18 қыркүйек 2020

Жүк көліктерінің жүргузішілеріне қатысты талапты күшейтіп, заңды қатайту керек. Бұл - шығысқазақстандық жол инспекторларының ұсынысы. Әйтпегенде  айыппұл салынып жатқанына қарамастан олар тиісті мөлшерден артық жүк тиеп, жолдарды бүлдіріп жатыр.  Әсіресе, аудан мен ауыл арасындағы асфальт  жолдардың бәрі  ерте кезде салынғандықтан қазіргідей 40-50 тонналық көліктерге шыдас бермейді. Жүк көлігін жүргізуге ешбір  құжаты жоқ мына жігіттің тиеп алған жүгінің салмағы да  рұқсат етілген мөлшерден әлдеқайда көп. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мұны арнайы құрал-жабдықтың көмегімен анықтады. Шамадан тыс жүк тиеп алып асфальт жолмен жүргендерге заң бойынша айыппұл салынады. Бірақ,  көлік жүргізушілерінің жол үстіндегі мұндай бақылауға қатысты өз ұстанымдары бар. Алайда жолдың сапасын тексеретіндер бұл сынмен келіспейді. Аймақтағы осы мекеменің мамандары жыл басынан бері 800-ге жуық тексеру жүргізіп, 900-ден аса ақауды анықтаған. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда шамадан тыс жүк тиеген ауыр көліктерге қатысты  60 қа жуық әкімшілік хаттама толтырылып,  9 миллион теңгеден аса  айыппұл салынған.  Ал бүлінген жолдарды қайта қалпына келтіру үшін қыруар қаражат кететіні белгілі. Сондықтан, мамандар осы салаға қатысты заңды қатайтып, талапты күшейтуді ұсынып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар