ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Жүйелі жұмыс

17:02, 5 маусым 2020

«Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша облыста 31 миллиард 260 миллион  теңгеге жүзден аса жоба жүзеге асырылады. Соның ішінде 19 миллиард теңгеге жуық қаржы  қалалық деңгейдегі 78 жобаға бөлінген.  Бағдарлама инфрақұрылымды жөндеу мен құрылысқа  негізделген. Жоба жұмыссыздар санының азаюына септігін тигізді. Мамандар осы бағыттағы жүйелі жұмыстар  келесі жылы да жалғасын табатындығын жеткізді.  «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бойынша 7500-ден астам адам еңбек етуде. Олардың 3818-і қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқан. Қазіргі уақытта 67 тұлға тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Осылайша, жұмыссыздық көрсеткіші едәуір төмендеді. Бүгінде Өскемендегі ірілі-ұсақты спорттық, мәдени және әлеуметтік мекемелерде қызу жұмыс басталды. Солардың бірі – Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. Кітапхана 2018-2019 жылдары жөндеуден өткен. Алайда кеңестік заманнан бері келе жатқан ескі терезе мен едендері  ауыстырылмаған. Жылу жүйелерінің де тозығы жеткен. Қайта жөндеу жұмыстарына  70 миллионнан астам қаржы бөлінді. Кітапхананың  бас ғимаратынан басқа тағы екі филиалында да жұмыс қызу. Заман талабына сай өзгертілген кітапхана  өз оқырмандарын қуантатыны сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар