ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Жүйелі ақпарат заманы

15:02, 22 қараша 2019

«Ұлы даланың жеті қыры» - жас буынды қамшылар мақалаға айналды. Ел ертеңіне толғаныс таныту өткенді ұмытпаудан бастау алады. Сондықтан, жас ұрпақтың санасына бала кезден туған тарихын сіңіру – оларға жасалған үлкен инвестиция. Қазір мектеп оқушылары мұғалімдерімен тең дәрежеде мақаланы талқылап, өз ойларын ашық айта алады. Ұстаздар қауымы дағдарып тұрған тұсымызды түзеп, ұлттық рухымызды өркендетуде мақаланың берері мол екенін мойындайды. Жұлдыз Баймамырова – тарих пәнінің мұғалімі. «Жаһандану заманында өскелең өрендердің өз тегін білудің маңызы аса зор» дейді тарихшы. Болмысты ұлттық тұрғыдан қалап, еңсені келер ұрпақтың алдында биік етудің бірден бір жолы– тарихты білу, жіті тану. Оқушылар өз тарихын мақтана айтып, ұлтжанды етіп өсіруде ұстаздар аянып қалмасы анық. Ал шәкірттер өз кезегінде мақаланың құнды құжат екенін жақсы түсінеді. «Мақалада айтылған басым бағыттарды оқушы санасына сіңіруде тың әдістемені қолға алған жөн» дейді ұстаздар. Сол себіпті, апталық сияқты мектеп ішілік шаралардың барынша танымды әрі қызықты өтеді. Кешегіні ұмытқан адам, ертеңіне қадам баспасы белгілі. Ал тарихпен тәрбиеленген ұрпақтың ешкімнен кем болмасы анық.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар