ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУ-ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТЫЛУ

22:58, 3 сәуір 2020

Елдік істе еңсе тіктеп, бас біріктіретін кез жетті. Мемлекет басшысы әскери міндеттілерді қысқа мерзімдік қызметке жинау туралы жарлық шығарды. Әлемді әбігерге салған вирустан арылу – басты талап. Ал ол азаматтардың сақтана отырып, сапалы қолдау көрсетуіне тікелей байланысты. Нысаналы Ығыл арнайы жиынға кімдер шақырылатыны туралы баяндап береді.

Биылғы әскерге шақырудың жөні бөлек. Жаппай жинап жатыр. Бұған дейін өңірлерде қажетіне қарай өткізілетін. Негізгі себеп – індетпен күрес. Сосын су тасқынының да қаупі бар. Қысқа қайырсақ, қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырмас үшін – адами ресурс әзір болуы керек. Әкімдер шақырып өтініш қылған жағдайдың өзінде олар жұмыстан босатпайды немесе түрлі сылтаулар айтып ортақ іске жұмылмауы да ғажап емес. Президенттің жарлығынан кейін жұмыс берушілерде осы жарлыққа бағынады, өз қызметкерлерін босатады. Жаңағыдай қауіп-қатердің алдын алған шаруаларға жұмылдыра алады. Сонымен тәжірибелі мамандар блок бекеттердегі күзетке, айналаны патрульдеуге және санитарлық тазалық жұмысына тартылады. Запастағы офицерлер 60 жас, сержанттар мен жауынгерлер 50 жасқа дейін жарамды. КЕСТЕ: Борышын өтеушілер өзге өңірлерге жіберілмейді. Мерзімі әзірге 3 ай. Созу-созбауын әкімдер шешеді. Арнайы жиын кезінде жұмыс орны мен лауазымы және жалақысы сақталады. Ал жұмыссыз болса 42 500 тг төленеді. Әскери міндеттілерді жинауды мобилизациямен шатастырмау керек. Арнайы жиыннан заңға сай мына санаттағы азаматтар босатылады. КЕСТЕ: Қорғаныс, қауіпсіздік саласымен байланысты мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар. Мемлекеттік, азаматтық және эксперименталды авиация. Ішінара ауыл шаруашылығы мен білім саласы мамандары. Сондай-ақ 3 немесе одан да көп баласы кәмелет жасына толмаған отбасы. Дәрігерлеріміз бен құқық қорғаушыларымыз күн-түн демей арпалысып жатыр. Қазір оларға көмек қажет. Президентімміздің әскерге жарамдыларды арнайы жиындарға  шақырту туралы қаулысын толық қолдаймын. Сын сағат бір жағынан шыңдайды. Енді бәріне төнген қауіптен жұдырықтай жұмылып құтылудың жолы ашылды. Қолдау таныту – әр адамның өз қалауында.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар