ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖПИК ҚЫЗМЕТІ ЖҮЙЕЛЕНЕДІ

20:26, 10 сәуір 2019

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару еріккеннің ермегі емес, керісінше нағыз менеджерлік жұмыс. Бірақ сол үдеден шықпай тұр. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коперативтерді өткір сынға алды. Ал «ҚазОрталық»тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту компаниясының барынан жоғы. 250 мың мен 1 млн тг аралығында қыруар жалақы алып отырғаны болмаса, тындырып жатқан шаруасы байқалмайды. Мүмкін мәселе енді реттелер. Өйткені кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Яғни бір үй – бір бірлестік – бір шот қағидасына негізделеді. Демек тұрғындар әр шаршы метріне жұмсалған қаржыны қадағалайды әрі талап ете алады. Бұрынғыдай 5 және одан да көп үйді бір коператив басқару тоқтатылады. Сондай-ақ лифтілерді лицензиялаумен қатар жолаушылар жедел сатыларын өнеркәсіптік деңгейіне жеткізу жайы сөз болды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...