ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖОО халықаралық серіктестігі

14:10, 11 қыркүйек 2019

Қазақстан-Американдық Еркін университеті құрылғанына 25 жыл. Осыған орай университетте мерейтойлық шаралар өтуде. Шетелден арнайы келген ғалымдар мен оқытушылар «Білім беру және ғылым саласындағы халықаралық серіктестік: қазіргі заманғы жаһандық мәселелер» атты ғылыми конгресстің пленарлық отырысына қатысты. Бүгінде университет шетелдік серіктестердің қолдауы арқасында  халықаралық деңгейдегі білім беру жүйесін  жүйелі түрде қолданады. Ғылыми конгресске шетелдік  оқытушы-профессорлық құрам мен студенттер қатысты.  Пленарлық отырыс барысында білім беру проблемаларына назар аудару, инновациялық технологияны енгізу сияқты халықаралық ғылыми қауымдастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Шараға арнайы келген ресейлік ғалым Сергей Капелюк сөз арасында  шетелге оқуға кететін қазақстандық талапкерлердің басым бөлігі Ресейді таңдайтындығын жеткізді.   Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар апта соңына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...