ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

14:44, 8 шілде 2020

Зайсан ауданына қарасты Айнабұлақ ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, жергілікті ағайын жұмыспен қамтылуда. Айнабұлақ ауылында ағымдағы жылы атқарылған игілікті істер көп. Мәслен, «Балдырған» балабақшасының есік, терезелері жаңартылды. Жөндеу жұмыстарына жалпы көлемі 10 млн.ға жуық қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарының бүгінгі күні соңғы сатылары қалды. Ауыл халқы атқарылған жұмыстарға дән риза.Айнабұлақ ауылы көктемгі ағын судан бірнеше жылдан бері зардап шегіп келді.  Жылда таудан келетін ағынды су ауыл ішіне кіріп, тұрғындарды біраз шығынға ұшыратқан. Осы мәселе бойыншаоблыс әкіміне жүгінген тұрғындардың проблемасы игі шешімін тауып, ауыл шетіне көпір салынды. Сондай-ақ Айнабұлақ ауылына қарасты Қайнар елді мекенінде мектепке газ тартылды. Әлеуметтік нысандарда жүргізілген құрылыс жұмыстарына ауылдық округте екі қолға бір күрек таппай жүрген  азаматтар тартылды.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
14:16, 10 тамыз 2020
ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар