ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17:51, 25 маусым 2020

Мемлекеттік «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасының қарапайым халыққа тигізер пайдасы мол. Жылдар бойы жөндеуден өтпей, бүгінде ескірген ғимараттардың кейбірі қайта жаңғыртылып, жаңалануда. Бүгінде осы мақсатта қолға алынған жобалар облыстың әр ауданы мен қалаларында жүзеге асуда. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Ал тізімге енген нысандардағы қайта қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылып, еңбекке араласуда.

Бағдарлама игілігін көріп жүрген жандардың бірі – Дмитрий Степанов. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Бүгінде өзіне сеніп тапсырылған істі үлкен жауапкершілікпен орындауда. Бүгінде «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бойынша Риддер қаласында барлығы 34 жоба жүзеге асуда.  400-ге жуық жұмыс орны құрылған. Қазіргі уақытта 14 азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Әсіресе, құрылыс саласы мамандарына сұраныс жоғары. Бағдарлама бойынша қызмет етіп жүрген жандардың ай сайынғы жалақысы 85 мың теңгеден басталады. Жұмыс сұрап келетіндердің көбі 40 жастан асқан адамдар не болмаса студенттер дейді  орталық мамандары. Сонымен қоса, жазғы демалыс уақытында еңбек етіп, бір жағынан ата-анасына қолғабыс жасауды жөн көрген мектеп бітіруші түлектер де бар. Евгения Антропова мен басқа да жастар жұмыс істеп  жүрген балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жөндеу жұмыстары  1-ші қыркүйекке дейін аяқталып, жаңа оқу жылына толығымен дайын болуы тиіс. Ғимарат сырты қапталып, шатыры ауыстырылады. Айналасы қалыпқа келтіріледі. Іші сырланып, жылу жүйесі жаңартылады. Риддер қаласы жұмыспен қамту орталығы мамандары еңбек етуге ниетті азамттарға бос жұмыс орындары бар екендігін ескертеді. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары қыркүйекке дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...