ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

13:24, 15 қыркүйек 2020

Глубокое ауданының Кожохово ауылындағы білім ошағы биыл жөндеуден өткізіліп, мектеп іші жаңа кейіпке енді. Жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Мектепте ұзын саны 79 бала білім алады.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы облыстағы бірнеше мектеп жаңаша түрленуде. Соның қатарында Кожохово орта мектебі де бар. Мұндағы жүргізілген жөндеу жұмыстарына қаржат облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген. Мәселен, 13 млн. теңгеге еден жаңартылып, кәріз жүйелері алмастырылған. Сондай-ақ  2 млн. теңгеден астам қаражатқа электр желілері жөнделді. Ал, мектептегі сабақ қалыптасқан жағдайға байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Кожохово орта мектебі оқушыларының білім деңгейі де жақсы. Мәселен  оқу ордасының 2020 жылғы түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен. Ұстазлары үкілеп қосқан үміттерінің ішінде 140 балдың 124-ін иеленген оқушы да бар. Мектеп түлектері де алтын ұяларына көмек қолын созып, әрдайым жәрдемдесіп жүреді. Әр сыныпты безендіруге де өзіндік үлесін қосқан. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында шағын орталық та жұмыс істеп келеді. Бұл жерде де сақтық шараларына баса мән берілген.  Мектепте білім беру екі тілде жүргізіледі. Сонымен қатар мектеп қабырғасында хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай арнайы бұрыш әзірленген. Ұстаздардың айтуынша оқушылар бұл жерде дара тұлғаның шығармашылығы, өмір жолымен таныса алады. Мұндағы мақсат, шәкірттердің әдебиет пен тарихты, мәдениетті тереңірек меңгерулері көзделген.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар