ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЖЕТ

15:01, 6 қыркүйек 2019

Аудандардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жағдайы мәз емес. Жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.Облыстың қоғам белсенділері бірнеше ай бойы аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтиже көңіл көншітпейді. Аудандардағы ХҚКО заман талабына сай келмейді. Мәселен, Көкпекті ауданының Самар ауылында халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына кішкентай бөлме бөлінген. Күн сайын ол жерге ондаған тіпті жүздеген адамдар келеді. Ғимарат ескі, терезелер мен есіктердің тозығы жеткен. Жиһаз да ескі. Бұл жағдай өзге де орталықтарда сақталған. Тексеру қорытындысы бойынша арнайы жол картасы жасалды. Нәтижесінде 25 аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Алдын ала қажет қаржы есептеліп, жалпы сомасы 122 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар, жиһазды жаңартуға 98 миллион теңге, кеңсе техникасына 36 миллион теңге қаржы керек. Жоспарға сәйкес, 25 халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жөндеу жұмыстары екі жылда аяқталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...