ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

18:15, 24 қыркүйек 2020

Биыл Ұлан ауданындағы елді мекендердің инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінуде. Ауылдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, түрлі нысандар бой көтерді. Жобалардың көпшілігі қазір толығымен аяқталған. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа бейім болу үшін бір ғана ниет аздық етеді. Ол үшін жайлы жағдай, жақсы шынығу орны қажет. Привольное ауылындағы орта мектептің оқушылары дене шынықтыру сабағын күрделі жөндеу жүргізілген спорт залында өтуде. Спорт залдың едені жаз маусымында толық ауыстырылып, іші жаңарған. Ауылда мектеп қана емес, мәдениет үйі де жаңа кейіпке енген. Бұл ғимараттың да едені жаңарып, терезелері ауыстырылды. Қазіргі уақытта мәдениет үйіндегі жұмыстар аяқталуға жақын. Ал, Бұл Таврия ауылындағы аудандық орталық аурухана. Ғимараттың шатыры облыс бюджеті есебінен 33млн.теңгеге толық жаңарған.Қызметкерлер бұрынғы ескірген төбе көптеген қолайсыздықтар тудыратын еді дейді. 30 жылдай дәрігерлік саладағы еңбек өтілі бар Қайрат Өскенбаевтың айтуынша ем алушылар мен ақ халаттыларға ыңғайлы жағдай жасалса жұмыс та жеңілдей түспек. Каменка, Тройницкое елді мекендерінің тұрғындарын қуандырған жәйт көлік жолының құрылысы. Ауыл адамдары      аудан мен облыс орталығына қара жолмен жету қиынға соғатын. Енді тасжол толық салынып бітсе мәселе шешімін табады деп сенеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...