ШҰҒЫЛ! ҚР ЧЕМПИОНАТЫ Толығырақ

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

16:47, 13 сәуір 2018

Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік өнеркәсіпті, экономиканы, әлеуметтік және құқық қорғау салаларына жаңа дем беретін мақсат-міндеттерді жүктеді. Жолдаудың қай бағытын алып қарасақ та, елдің сенімді өсу жолдарына бағытталған. Мақсат озық дамыған отыз елдің қатарына ену. Адами капитал – жаңғырудың негізі білім берудің жаңа сапасы. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деген Президент өз сөзінде.

Қабыш Балтекенов, ҚР Халық ағарту ісінің Үздігі:

 

Қазіргі кезде интернетке, ғылымға ден қоймаған одан кейін мына білім мен ғылым бәсекесінен ұтылған мемлекет еш уақытта ұлы мемлекет дәрежесіне көтеріле алмайды. Егерде біз ғылым дәрежесінен ұтатын болсақ, біз ұлы мемлекет дәрежесіне көтеріле аламыз. Оны нақтылы айтуға болады. Ал қазіргі кезде латын алфавитіне көшуге, одан кейін 100 жаңа оқулықты қазақ тіліне аудару жөнінде арнаулы мемлекеттік емес комиссия құрылды. Оның бәрі жұмыс істелініп жатыр. Бұның бәрі 2025 жылы аяқталу керек.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар