ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

Жолдауға қатысты нақты тапсырмалар жүктелді

18:01, 12 қаңтар 2018

Елбасы осы жылдан қалмай шешілу тиіс нақты міндеттерді қойып отыр

2018 жылдағы Үкіметтің алғашқы отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Елбасының Жолдауына қатысты атқарылатын бірқатар тапсырмаларды айқындап, тиісті ведомство басшыларына нақты міндеттер қойды. Бірінші басымдық бойынша Инвестициялар және даму министрлігі отандық кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыруға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеуі қажет. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірге цифрлық әрі инновациялық шешімдерді даярлайды. Ол жұмыстар Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы,  IT-стартаптар халықаралық технопаркімен бірге атқарылуы тиіс. Басқа бағыттарды да жүзеге асыру мақсатында тиісті заңдарға түзетулер енгізіледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар