ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Жолдау жүктеген міндет

14:12, 1 қараша 2019

Мемлекет басшысы Қазақстан Халқына Жолдауында Үкіметке мәдениет қызметкерлеріне қажетті көңіл бөлуді тапсырды. Әсіресе, қаржылық және әлеуметтік    қамту жағына назар аударылуы керек деді. Қасым-Жомарт Тоқаев мамандық мәртебесінің төмендегенін алға тартып, салдарынан кадр тапшылығының туындағанын айтты. Толығырақ тілші материалында. Жолдауда Ел Президенті соңғы жылдары кітапхана, музей, театр қызметкерлері жалақысының тұралап тұрғанына тоқталды. Нәтижесінде мәдениет қызметкерлері, соның ішінде, жас мамандар жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмауда. Одан бөлек, оларға білім және денсаулық сақтау салаларындағыдай, әлеуметтік жеңілдіктер де қол жетімсіз. Мемлекет басшысы бұл жағдайды реттеуді тапсырды. Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Президент Жолдауын іске асыруға қатысты жұмыстарды белсенді түрде орындауда. 2020 жылы елде Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойлары атап өтіледі. Абай шығармашылығына арналған бұрышта әр түрлі тілдерге аударылған хәкім туындылары қойылған. Кітапхана қабырғасында қазақ тіліне үйрететін «Бастау» клубы жұмыс істейді. Білім беру ойын түрінде өтеді. Сонымен бірге, сабақ барысында балалар әлем халқының дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен  танысады. Мұнда эко және этно-туризмнің дамуына айрықша мән беріледі. Қазір «ШҚО өлкетануы» атты электронды ресурсты құрастыруда. Оған аймақтағы бірегей жерлер жайлы ақпарат жүктеледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар