ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жолдау жүктеген міндет

14:07, 9 қыркүйек 2019

Облыстық «Достық үйі -  Қоғамдық келісім орталығында» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Оған  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, үкіметтік емес ұйым белсенділері, жастар мен журналистер қатысты. Шығыс Қазақстан облысындағы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев қазақстандықтар үшін маңызды айтулы даталарға тоқталды. Атап айтқанда, Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойлары. «Дөңгелек үстел» қатысушылары алда осы айтулы мерейтойларға арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру бойынша  дайындық жұмыстары басталатынын атап өтті. Сондай-ақ, талқылау барысында Жолдаудың маңызды бағыттары: әлеуметтік төлемдер, аз қамтылған отбасыларды қолдау, жалақыны көтеру, салық ауыртпалығынан босату, бірлік қағидаттарын дамыту және нығайту мәселелеріне қатысты пікір білдірді. Жастар ұйымдарының белсенділері еріктілер қатарын арттырып, жолдау жүктеген міндеттерді бірлесе орындауға әрдайым  дайын екендіктерін жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...