ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

14:22, 1 қыркүйек 2020

Өскеменде бірнеше көшені жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басында басталған жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар жолдарды тексеру барысында айтты. Шәкәрім даңғылының Гоголь көшесінен Белинский көшесіне дейінгі жол бөлігінде асфальт төселіп, тегістелуде. Алдағы уақытта бұл көшенің екі көлік бағыты да екі жолақты болады. Бұл өз кезегінде Назарбаев даңғылындағы көлік қозғалысының жеңілдеуіне әсер етпек. Сондай-ақ, Целинная көшесінен Понтон көпіріне дейінгі тұста қосымша көлік жолағын салу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда да алғашқы тасжол қабаты төселген. Келесі жылы Целинная көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігін төрт жолақты етіп кеңейту жоспарланған. Бұған қоса, Тоғас көшесіндегі жұмыстар да қарқын алған. Осыған дейін бұл жол бөлігін асфальттау төтенше жағдай мен шектеу шараларына байланысты кестеден қалып бара жатқан еді, алайда жаңа техника әкелініп, жұмыс күші толық жұмылдырылған. Жөндеу жүріп жатқан жол учаскесінде 22 техника жұмыс істеуде. Жоспар бойынша биыл жол қабаты төселіп, келер жылы көлік жолағын кеңейту аяқталады. Жарық бағандары мен тротуарлар орнатылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар