ШҰҒЫЛ! СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК Толығырақ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

14:32, 10 тамыз 2018

Жыл сайын облыс аумағында, қала ішінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұнымен қоса жаңа құрылыс нысандары, үйлер салынуда. Жоспар бойынша белгіленген уақытта тапсырманы орындау – парыз. Құрылысшылар күні қарсаңында әріптестерім Өскемендегі қауырт шаруалар басында болып қайтқан еді.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен жол жөндеу жұмыстарына 19,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар жолдарға – 7,3 млрд теңге, аудан жолдарына – 1,3 млрд теңге, қалаішілік жолдарға – 10,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде 236 шақырымға жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өскеменде Сәтпаев даңғылы, ЖМК ауданы, Астана, Протозанов тағы да басқа көшелер кеңейтіліп, жаңадан асфальт төселуде. ЖМК ауданындағы Өтепов көшесінен басталған жөндеу жұмыстары Сәтпаев даңғылында жалғасуда. Жоспар бойынша үш жылға созылатын жөндеу жұмыстары былтырғы жылдың маусым айында басталған.  50 шақты адам жұмыс істейді. 

ДМИТРИЙ ЗЯЛОВ, «ВОСТОК СИНХРОМ» ЖШС МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМ ӨКІЛІ:

«Бізде барлығы 35 бірлік арнайы техника жұмыс істейді. Асфальтты-бетонмен жол табанын салады. Сонымен қоса 40 бірлік жүкті түсіретін, өзі аударғыш жүк машиналары іске қосылды. Олар қолданатын материалдарды тасымалдайды. Ескі асфальтты-бетон сыртқа шығарылады».

Алдағы кәсіби мереке - Құрылысшылар күніне орай,  жоғары білім дипломы қолына тиісімен қатарға қосылған жас маман Салмұрат Қомбаев әріптестерін құттықтады. Мемлекет дамуына өз үлесімді қосып, қызмет жолында үлкен жетістікке жетемін деген жастың арманы көп.

САЛМҰРАТ  ҚОМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Құрылыс саласында қызмет атқарып жүрген өз әріптестерімді, мамандарды құрылысшы күндерімен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, мол бақыт тілеймін. Еліміз әрқашан өркендеп, көркейе берсін! Халқымыз аман-есен болсын!

Өскемен көшелеріндегі жұмыс қарқыны қызған. Жаяу жүргіншілерге де, автокөлік қозғалысына да кедергі келтіруде, бірақ бұл – уақытша ғана.

АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар