ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ КАРТАСЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕ МЕ?

14:08, 22 қыркүйек 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында экономикалық тұрғыда даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың маңызды екендігін атап өтті. Осыған орай Өскеменде «Облыстағы экологиялық проблемалардың кешенді шешімінің жол картасы» атты жаңа құжат дайындалуда. Қазір жұртшылықтың қызу талқысына түсіп жатқан маңызды құжат өңірдің экология саласындағы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталмақ. Алдағы уақытта облыс орталығын көгалдандыру мәселесінен бастап, ауа сапасын жақсартуға дейінгі проблемалар қарастырылатын болады. Жобаның қоғам белсенділері жаңа құжатта өзгерту мен нақты айқындауды қажет ететін пунктер барын қадап айтты. Мәселен, эколог Дәулет Асанов жоғары радиацияның көптігіне алаңдайды. Қоғам белсенділері әрбір құжат толық жұмыс істеуі үшін барлық кем-кетіктеріне дейін өңделуі қажет дейді. Бастамашы топ өкілдерінің сөзінше, жол картасы жобасы өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар