ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖОҒАЛҒАН БАЛА ӨЛІ КҮЙІ ТАБЫЛДЫ

14:15, 1 қыркүйек 2020

Ұшты-күйлі жоқ боп кеткен жеті жасар бала табылды. Естеріңізге сала кетейік Алтай ауданы Зубовск ауылындағы жеткіншектің жоғалғаны туралы ақпарат елді дүр сілкінткен болатын. Өкінішке орай, бала өлі күйінде табылды. Баланың өліміне қатысы бар деген 20 жастағы күдікті қолға түсті. Жеті жасар баланы ауыл тұрғындары соңғы рет осы адаммен көргендерін айтқан. Баланың денесінде зорлық зомдылық белгілері бар. 29 тамыз күні бала есік алдына велосипедпен әдеттегідей ойнауға шығып кеткен. Сол сәттен бастап оны ешкім көрмеген. Баланың ата анасы бірден полицияға хабарласып, жоғалғаны туралы шағым түсірген. Өкінішке орай, баланың өлі денесі келесі күні табылған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар