ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ЖЕЗКЕНТ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

14:31, 11 қаңтар 2019

Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов Жезкент кентінің тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы кенттің әлеуметтік өмір сапасын арттыру үшін биыл қандай жұмыстар атқарылатыны туралы айтты. Толығырақ тілші материалында. Биыл Бородулиха-Жезкент автожолын жөндеуге бір миллиард теңге жұмсалады. Сол сияқты аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ойын және спорттық алаңдар ашылады. Өңір басшысы Жезкенттегі аурухана мен мектеп төрт ай ішінде қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифінің екі есеге төмендейтінін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар