ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

«Жетекші мектептер» форумы

14:00, 6 қараша 2019

Өскеменде алдыңғы қатарлы мектептердің аймақтық форумы өтті. Білім мазмұнының жаңаруына байланысты ұйымдастырылған шараға Ресейлік спикерлер де қатысты. Көрші ел өкілдері білімдерін ортаға салып, шығысқазақстандық әріптестеріне сәттілік тіледі. Тақырыпты тілші жалғастырады. Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі халықаралық «Жетекші мектептер» форумына 323 маман қатысты. 2016 жылы облыста 71 жетекші мектеп болса, биыл оның саны 95-ке дейін өсті. Шараның мақсаты жаңартылған білім мазмұнын қолдауды жүзеге асыруда облыс педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету. Осыған дейін оқыту семинарлары, шеберлік сыныптары мен әдістемелік сабақтардың басым бөлігі Назарбаев Зияткерлік мектептерімен жүргізіліп келсе, биылдан бастап бұл жүйе екі жақты тәжірибе алмасу негізіне көшеді. Яғни, барлық мектептер ең үздік бастамаларын, белгілі бір мәселеге қатысты шешімдерін өзге білім ордаларымен бөлісе алады. Форумда ресейлік әріптестер де онлайн режимде тәжірибе алмасты. Шара аясында мектеп өмірінің барлық қызметін қамтитын сарапшылар, психологтар, маркетинг алаңдары жұмыс істеді. Инновациялық тәжірибе салоны постерлік презентациялар ұйымдастырылды. Форумға қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтары үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің және Педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Сол сияқты осыған ұқсас шаралардың ұйымдастырылуына тілек білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар