ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕАРНА МЕРЕЙТОЙЫ Толығырақ

ЖӘРМЕҢКЕ

16:08, 16 мамыр 2018

Өскемендегі кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы өз өнімдерін Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері әкелді. Қала тұрғындары ет пен балықты төмен бағада сатып алды.

Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері ауылшаруашылық жәрмеңкесіне жергілікті жерде өндірген өнімдерін молынан жеткізді. 6 тонна сиыр, жылқы, қой етін, сонымен қатар қымыз, күнбағыс майы, сүт өнімдері мен балықтың бірнеше түрін сатылымға шығарды.

Облыс орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкелері жиі өтіп тұрады. Қалыптасқан дәстүр бойынша әр аудан кезек-кезек өз өнімдерін әкеледі. Қала халқы өндірушіден тікелей бағасы төмен өнім алып қуанса, кәсіпкерлер саудасын сатып, табысын көбейтіп жүр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар