ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ Толығырақ

Жергілікті чемпионат

18:09, 14 ақпан 2020

Риддер қаласында цифрлы технологиялар бойынша жас әуесқойлар арасында жергілікті чемпионат өтті. Чемпионатта 3-11 сынып оқушылары бақ сынасты. Мектеп жасындағы оқушылар қазірдің өзінде графикалық дизайн мен бейнемонтаж жасап қана қоймай, бағдарламалау тілін де меңгерген.

Сайысқа қатысушылар бағдарламалау тілі, графикалық дизайн және бейнемонтаж бағыттары бойынша өзара кім мықтыны анықтады. Жергілікті бәсекеде бақ сынауға келген Евгения Антропова екі жылдан бері бейнемонтаждаудың қыр-сырын жергілікті жастар ресурстық орталығында ашылған  IT-мектепте меңгеріп келеді. Оның айтуынша алған білімі Ұлы Отан соғысына арналған бейнероликті әзірлеуге септігін тигізген.

Сайысқа жалпы саны 10 бала қатысты.  Ұйымдастырушылар заманауи технологиялардың тілін еркін меңгерген жастарды тәрбиелегіміз келеді, дейді.

Осындай іс-шараларды өткізу жергілікті білім беру бағдарламасына ақпараттық технологияларды жаппай енгізудің арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, Ел Президентінің цифрлы технологияларды дамытуға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Риддер қаласының 15 мектебінде IT-сыныптар ашылды. Мектептердің барлығы заманауи компьютерлермен, 3D-принтерлермен, робототехникалық жиынтықтармен жабдықталған. Айта кетейік, ағымдағы жылы 30 миллион теңгеден астам қаражат қалалық ІТ-білім беру саласын дамытуға бағытталған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар