ШҰҒЫЛ! РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ Толығырақ

ЖЕР МЕН САЛЫҚТАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

11:20, 12 маусым 2018

Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы республика Президентінің Жолдауын іске асыру барысы, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ведомствоның даму жоспары туралы есеп берді.

Жергілікті атқарушы органдардың ең маңызды міндеті – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету. Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукованың айтуынша, 2017 жылы Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерінің ауданы 10,8 миллион гектар, ағымдағы жылы егістік алқабы 1452 мың гектар болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 23 мың гектарға артық. Мұнымен қоса бүгінгі таңда жерді ұтымды пайдалану талабы да күшейген.

ВИКТОРИЯ БАРСУКОВА, ШҚО ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Жаңа қосымша қызметтерді тапсыру бойынша барлық әкімдер мен әкімдіктер арнайы оқудан өтті. Әкімдерді бақылауды күшейтудің мұндай лайықты тетіктері, яғни, жергілікті орындардағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, әкімшілік шаралар қабылдау ықпалы мен жер заңнамасын бұза отырып, пайдаланылмайтын немесе пайдаланылатын учаскелер туралы сотқа өтінім беру мүмкіндігі өз нәтижесін береді деп ойлаймыз».

Сонымен қатар жиналыста облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері де жаңа Салық кодексі туралы баяндалды. Бұл салық кодексі бизнес-қоғамдастықтар арасында тығыз байланыс бар. Алкоголь өнімдерін сақтау, сату бойынша ойын бизнесі салаларында лицензия пайдалануға жаңа төлем қарастырылған. Айта кету керек, өзгерістер кедендік реттеу кодексін қамтыды.

ЕРКЕБҰЛАН САҒИТОВ, ШҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 «Айта кету керек, қазіргі таңда экспортты ресімдеу бізде 2 минуттан да аспайды. Мұның барлығы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының декларацияны қалай толтыратынына байланысты. Ол шығару бағдарламасына қатысқанда экспорт алады. Оған тек бір жарым, екі минут қана кетеді».

Жаңа өзгерістермен бірге жаңа талаптарды бұзғандар да жоқ емес. Департамент өкілдері жергілікті үш компанияның заңнаманы бұзғаны туралы баяндап өтті.

РУСЛАН НҰРЛЫБЕКОВ, ШҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«15-ші, 16-ы жылдарда кедендік рәсімдеуді жүзеге асырған. Сол кедендік рәсімдеуді жүзеге асырған кезде олар 00.13 СКЛ 00.17 Кедендік салық, баждар мен салықтарға жеңілдіктер алған. Ол тауарлар тек қана, өздеріне ғана, тек қана фирманың ғана қолданысында болуы керек. Бірақ та олар заңды бұзып басқа тұлғаларға сатқан».

Айта кету керек, мемлекеттік кірістер комитеті биылғы жылдың 21-ші мамырдан 30-қараша аралығында «Түбіртекті талап ет те жүлдені ұтып ал!» атты жалпы республикалық акция өткізіліп келеді.

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
15:25, 15 маусым 2018
17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...