ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

14:31, 11 қаңтар 2019

Шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлер және мемлекеттік мекемелер қатысқан жиында қала әкімі Жақсылық Омар «Өскемен қаласы облыс орталығы деген атауға лайық болуы қажет» деді. Бұл үшін әрбір қоғамдық орын қызмет жүйесін жақсартумен қоса, айналасының тазалығы мен көркіне ерекше назар аударуы қажет. Басқосуда кәсіпкерлік және мемлекеттік нысандар арасында өткен түнгі жарықтандырылу мен мерекелік безендірілулер байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар анықталды. Шағын және орта бизнес ірі кәсіпкерлік өкілдері мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысқан алқалы жиында қала көркі мен тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, қоғамдық орындардағы қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы айтылды. Алдағы уақытта өңірлік кәсіпкерлер басын қосатын «Өскемен инвест» форумының өтуі, туристік әлеуеті зор Шығыс Қазақстанның облыс орталығы ретіндегі мәртебесін арттыруға негізделген «Қонақжай Өскемен» жобасының жасалуы сөз болды. Сондай-ақ, алда келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындық барысы талқыланды. Толығырақ кешкі шығарылымында көре аласыздар.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар