ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

16:37, 29 шілде 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Заң жобасындағы  жемқорлыққа қарсы бағдарлама тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Түзетулерді үш негізгі топтамаға бөліп қарастыруға болады. Бірінші бөлімде судья, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығы орын алмау мақсатында  жауапкершілікті арттыру көзделген. Бұл нормаларда санкциялық қатаң жауапкершілік қарастырылған. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері жоғары бақылаушы-қадағалаушы ұйымдарға  тұрақты түрде тексеру жүргізіліп отырады.

Ал мемлекеттік қызметке жұмылдырылған қызметкерлер, өзге де уәкілетті тұлғалардың кәмілеттік жасқа толмаған балалары мен жұбайына да шектеулер енгізілді. Олардың шетелдік банктердегі шоттарын ашу, иелену, салым салу түрлеріне тыйым салынды. Бұдан басқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тек мемлекеттік ұйымдарға ғана емес, жеке меншік секторлар арасында да «сыбайлас жемқорлық» түсінігін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі үшінші топтама қоғамдық бақылаудағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Мемлекеттік ұйым жанындағы қоғамдық кеңестің бақылау комиисиясы алдын-алу шараларына, атқарылар жұмыстарына, бір сөзбен айтқанда әрбір жүйесіне жете мән беретін болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар