ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖЕЛІДЕГІ АЛАЯҚТЫҚ ЖИІЛЕП ТҰР

13:37, 8 қыркүйек 2020

Жыл басынан бері  ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша 751 факт тіркелді, оның 402-сі интернет-алаяқтық. Елде шектеу шаралары енгізілгелі  елдің көпшілігі интернет арқылы тауарларға тапсырыс беруге көшкені белгілі. ОЛХ, Instagram, басқа да интернет желілерінен жаппай сатып алу көбейген. Кейбір сатушылар алдын-ала төлем сұрайды да, ақшаны қалтасына салып ізім-ғайым жоғалады. Ұялы телефондары сөндірулі тұрады, айтып-айтпай керек, қулық-сұмдықтың небір түрін  жүзеге асырады. Талай  адамның сеніміне кіріп, тақырға отырғызған алаяқтардың бірі ұсталса, енді бірі әлі де бостандықта жүр. Соңғы кездері онлайн-несиелерді рәсімдеу жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ретте желі алаяқтары  жеке куәліктің, әсіресе жоғалған жеке куәліктердің деректерін пайдаланады.  Сала мамандары  өз құжаттарының деректерін ешкімге айтпауды өтінеді. Ал жеке куәлік жоғалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Шоттан ақшаны басқа біреудің шешіп алу оқиғалары көп тіркелген. Ешкімге, ешқандай жағдайда жеке бас мәліметті, кодтарды бермеулеріңізді сала мамандары өтініп сұрайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар