ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

ЖЕКЕГЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ

13:28, 8 ақпан 2019

Елдің дамуына жол сілтейтін Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27 қадамы – жеке сот орындаушылардың институтын одан әрі дамыту. Осы мақсатта ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заң 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енді. Осылайша жеке сот орындаушының құзырына бірнеше міндет жүктеліп берілді. Жүктелген міндет пен берілген тапсырма қаншалықты орындалды? Өңірдегі жеке сот орындаушыларының жұмысы жайлы әріптесім әңгімелейді. Мағжан Майданұлы жеке сот орындаушы. 2012 жылдан бері осы салада еңбек етеді. Күнделікті жұмысы соттың шешімі шыққан соң әкімшілік айыппұл, алимент, мемлекет алдындағы қарыздарды өндіру. Жұмыс жауапты әрі қажырлықты талап етеді. Кей өндірулер 6-7 айға созылса, енді бірі 1 айда шешімін табуы мүмкін дейді. Өткен жылы ол өз орындауындағы 122 істің 50 процентін толық аяқтап, мемлекетке 2 миллионға жуық теңге өндірді. Жеке сот орындаушылардың қызметіне қарай алатын ақы мөлшері өндірілетін қаржының көлеміне байласты 3 проценттен 25 процентке дейін. Сонымен қатар олардың қызметіне облыстық әділет департаменті жоспарлы түрде тексеру жүргізеді. Сот актілерінің орындалу барысы қадағаланады. Жеке сот орындаушылар жылда көп балалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына қолдарынан келгенше көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар