ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жәдігерлер қоры толықты

13:57, 13 тамыз 2019

Тұңғыш Президент Н.Ә Назарбаев «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар деп атап өткен болатын. Мақсат - озық өнер мен технология үлгілерін, нақты айтсақ, Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен кешендердің экспозицияларын жинақтау. Осыған орай өңірлік музей қызметкерлері биыл екінші жыл қатарынан экпедицияға барып келді.Экспедицияның басты мақсаты – қазақтың көне ұлттық бұйымдарын дәріптеу. Жұртшылық арасынан құнды бұйымдарды іздеп тауып, музей қорына өткізу. Биыл экспедиция мүшелері Тарбағатай ауданының 15-ке жуық ауылын аралап келген.Сондай-ақ экспедиция барысында табылған, музей қорына тапсырылған құнды заттың бірі – жайнамаз. Жайнамазда құбыланың бағыты ретінде қазақтың қошқар мүйіз оюлары қойылған. Жайнамаздың жиектері шығыстың өзіне ғана тән стилімен жасалған.Экспедиция барысында табылған қай жәдігерді алып қарасаңыз да әрқайсының өзінің қайталанбас ерекшелігі бар. Әлі де жәдігерлер қоры толығатынына сенім мол.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар