ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАЗУШЫ ШЕРХАН МҰРТАЗА ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

15:09, 10 қазан 2018

Қазақстанның белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден озды. Жазушы кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Жастық шағында «Лениншіл жас» пен «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет етті. 1963-1970 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің редакторы, ал одан кейін «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болды. Шерхан Мұртазаның қазақ прозасын дамытуға қосқан үлесі орасан зор. Жазушы «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдарымен оқырман жүрегінде мәңгі өмір сүрмек.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар