ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛДАРЫ

13:36, 27 қазан 2020

Өскеменде өзгеріс көп. Қаланың инфроқұрылымы жандануда. Биыл Назарбаев даңғылы бойында демалыс орындарының саны артты.  Ал оның сапасы қалай?  Назарбаев даңғылы Өскемендегі қозғалысы көп көшелердің бірі. Мына  жүргінші жолымен күніне мыңдаған адам жүреді. Қала тұрғындары үшін жаяу жүргінші жолдары кеңейтіліп, орындықтар қойылды. Сондай-ақ, жол бойындағы үйлерді де қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Алайда, кейбір  қала тұрғындары өз наразылықтарын да білдірді. Мысалға, кейбір үйлердің іргетасы граниттен жасалып, ал сырты сыланған.  Жаяу жүргінші жолдарының кейбір тұсына баспалдақтар қойылса, қазір ол жерлерге кірпіш төселу арқылы еңіс етіп қана жасалған. Қала тұрғындары мұндай жерлер қыс мезгілінде көк тайғаққа айналып, адам өміріне қауіп төндіре ме деп алаңдайды. Тұрғындардың шағымы орынды ма, орынсыз ба, оны уақыт көрсетеді. Ал жалпы Назарбаев көшесіндегі құрылыс жұмыстары қазан айының соңында аяқталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...