ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жатақхана жыры

14:07, 12 қыркүйек 2019

Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға тың серпін берді. Үшінші бастамада атап көрсетілген «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мәселесін аймақта қарқынды жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, алда тұрған міндеттер де жоқ емес. Облыстық әкімдікте өткен «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ Саяси кеңесінде студенттердің бүгінгі жай-күйі талқыланды. Мектеп табалдырығын аттап, арман қуып қалаға келген жас жеткіншектің жоғарғы оқу орнына түскен сәттен кейінгі басты уайымы жатақханамен қамтылу  екені жасырын емес. Пәтер жалдап сенделіп, көшпелі өмір салтын ұстанғысы келмейтін студенттердің мәселесі бүгінгі күннің басты проблемасына айналып отыр. Аталған келеңсіздікті жою мақсатында облыста  1000 орындық 2 жатақхана салу жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесі тізіп берген қорытындыға сенер болсақ, түбегейлі шешілгендей көрінеді. Алайда, тек құжат жүзінде ғана іске асырылған жобаларда бар. Мәселен, Семей медицина университеті 2015 жылы 1000 орындық жатақхана салынатындығы жөнінде ақпарат берген. Бүгінгі таңда Қарағайлы ықшам ауданынан берілген жертелімінде құрылыс жұмыстары жүргізілуі былай тұрсын, қаражат көзі де қарастырылмаған. Атқарылып жатқан шараларға көңілі толмаған аймақ басшысы өз қызметіне жауапсыз қараған басшыларды сынға алды. Аймақ басшысы тарапынан облыс орталығына келген студенттерді тозығы жеткен пәтерлерді жалдап, қалтасының қамын ойлап, сенделтпей, жатақханамен қамту мәселесін тез арада шешу тапсырмасы берілді. Сайып келгенде білімгерлердің басты проблемасы жатар орны, жылы көрпесі емес, алар білімі басты уайымы болуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...