ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ЖАСЫЛ ЕЛ

16:35, 7 тамыз 2020

«Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасының  басты бағыты көпбалалы, табысы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдерге қолдау көрсету мен  студенттерді қоғамға пайдалы іске тартуға негізделген. Биылғы жылдың маусым мен тамыз айлары аралығында облыстың әр аумағында 1200 студент жұмыспен қамтылды. Бүгінде олар абаттандыру жұмыстарына атсалысып, бау-бақша мен тазалыққа жауапты ұйымдарда қызмет етуде. Аяулым Қарқын  - колледж студенті. Болашақ мұғалім. Ақысыз бөлімде білім алуда. Биыл екінші курсқа көшті. 1-шілдеден бастап, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрған. Жазғы демалыста ата-анасына көмектесіп, өздігінше еңбектеніп  жүрген жайы бар. Биыл Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 6 студенті мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс істеп жүр. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ата-ана рұқсатымен ғана қабылданған. Қолданыстағы заңға сәйкес, 16 жасқа толмаған балалар кешкі сағат 16-00 ке дейін қызмет етеді. Ал 18-ге толғандар 8 сағат бойы толық жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері демалыс. Көпшілігінің оқу үлгерімдері жақсы, ақысыз бөлім  студенттері. Ай сайынғы табыстары да жаман емес. Биыл Өскемен қаласы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы аясында маусым-тамыз айлары аралығына 90 квота бөлінген. Бос орындар негізінде 1-айда 26, 2-айда 30  студент  жұмыспен қамтылды.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...