ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

ЖАСТАР ЖӘНЕ САЙЛАУ

12:20, 12 сәуір 2019

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жастар және сайлау» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Айтулы отырысқа экономика және құқық факультеттерінің студенттері қатысып, жалпы сайлау процестерінің маңызы талқыланды. Шығыс Қазақстан облысында 264 мыңнан аса жастар бар. Әрине, бұл 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар. Сондықтан бұл жастар сайлау заңнамаларын біле отырып, ҚР кезектен тыс сайлауында саяси белсенділік танытуға тиіс дейді заң ғылымдарының докторы Қуат Рахымбердин. Дөңгелек үстелде ҚР Президенті қызметіне сайлану негіздері мен жағдайлары талқыланды. Себебі, Ата заңымыз Конституция бойынша халық мемлекеттік биліктің негізгі қайнар көзі болып табылады. Бұл ретте жастар арасында сайлауға бірінші рет қатысатын жастар қарасы да молынан. Жиын барысында сайлаудың тек белгілі бір тұлға үшін емес, әркімнің жеке болашағы, жанұясы, отаны үшін маңызы бары айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар