ШҰҒЫЛ! «ҚАЗАҚСТАН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭФИРГЕ ШЫҒАРУ ШАРТТАРЫ Толығырақ

Жастар саясаты

13:59, 6 қараша 2019

Елдің Тұңғыш президенті, Елбасы Н. Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Тарбағатай ауданында мемлекет саясатын жүзеге асыруға  негізделген, түрлі салада қызмет етіп жүрген аудан жастарының басын құрайтын «Барқытбел» ұйымы құрылған еді. Кезекті жиын барысында  көпшілікті толғандырған келелі мәселелер талқыланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді. Ертеден «Барқытбел» атанған Тарбағатай өңірі ел тарихындағы елеулі оқиғалардың көнекөз куәсі. Аудандағы белсенді жастар «Барқытбел» ұйымына мүше. Аптасына екі рет жиын өткізеді. Өздерін толғандырған, жергілікті жердегі өзекті тақырыптарды ортаға салады. Әр ауылдан жиналған белсенді жастардың бірі  мемлекеттік қызметте, болмаса өзін-өзі жұмыспен қамтыған.  Көпшілігі «Дипломмен – ауылға», «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламалары бойынша жұмыс істеуде. «Барқытбел» жастар ұйымының көздеген мақсаты – өскелең ұрпаққа өнеге көрсету. Әрбір ауылдық округ жастары  қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырады.  Мектеп оқушыларымен патриоттық бағытыттағы жұмыстар үнемі жүргізіледі. Аудан белсенділері  көпбалалы аналар мен қарттарға әрдайым қолұшын беріп келеді. Сондай-ақ, жастар тарапынан алдағы еріктілер жылы аясында мемлекеттік бағдарламалардың халыққа насихатталу жолдары зерделенеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауы бойынша халық пен билік арасындағы диалог құру үшін  әлеуметтік желілерді кеңінен қолдану көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА НАРАЗЫ
14:03, 27 қараша 2020
ТҰРҒЫНДАР КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА НАРАЗЫ
Толығырақ...
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
13:50, 27 қараша 2020
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...