ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

ЖАСТАР ФОРУМЫ

13:50, 28 қараша 2019

Бейресми жиын барысында жастар өз жетістіктерімен бөлісті, көкейлерінде жүрген сауалдарын жеткізді.  «Біздің №1» аймақтық жастар форумына Шығыс Қазақстан қалалары мен аудандарынан жиыны 100-ге тарта жас жиналды. Студенттер мен түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіповамен кездесті. Шығыстың жастары белсенді, қай салада болмасын  алда. Кездесуде сөз алған мехатроника сарапшысы, мобильді робототехника бойынша маман Александр Бетцкольд «WORLDSKILLS» қозғалысының және аймақтың құрама командасының мүшесі. Қол жеткізген нәтижелері де жетерлік. Биылғы әлем чемпионатында  Қазақстан 14-шы орын алса, осы қарашада өткен Қазақстан чемпионатында  ШҚО құрамасы 6 алтын мен 1 күмісті қанжығалап, бірінші орынды жеңіп алды. Аймақ басшысының орынбасары Әсем Бекқызымен болған бейресми кездесуде жастар өз ұсыныстарын, ойларын жеткізуге мүмкіндік алды. Мәселен, Алматы облысы Көксу ауданының Балпықби ауылынан келіп Өскеменде еңбек етіп жүрген Дәурен Күлбеков «Серпін» бағдарламасының тиімділігін жеткізді. Осы мемлекеттік  бағдарлама арқылы 2015 жылы оңтүстіктен шығысқа келген жас оқуын тәмамдап, зауытқа электромонтер болып жұмысқа орналасқан. Форумның мақсаты жастар арасындағы өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын бірге талқылау. 2 күндік шара барысында жастар Семейдің үздік оқу орындарымен танысатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар