ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс

13:52, 28 қараша 2019

Қалалық әкімдікте балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық әрекеттерін алдын-алу мәселесі қаралды.  Білім басқармасының мәліметінше  оқушылар тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттер едәуір азайған. Алайда, аймаққа қарасты аудандар мен өзге өңірлерден жоғарғы оқу орындарында білім алуға келген студенттер арасындағы құқық бұзушылық фактілері азаймай тұр. Мектеп табалдырығын аттап, облыс орталығында орналасқан ЖОО орындарында білім алып жүрген студенттердің қылмыстық әрекеттерінің көрсеткіші төмендемей тұр. Сонымен қатар колледж білімгерлері де түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қылмыстық оқиғалардың дені жазғы демалыс кезінде орын алған. Жиында көтерілген мәселе қазіргі таңда көкейтесті проблемалардың біріне айналды. Оған қоса тағдыр тәлкегімен қиын жағдайға душар болған жасөспірімдер  саныны артып келеді. Салдарынан  қылмыстық әректтердің де көрсеткіші аспандап кетеді. Қала басшысы Жақсылық Омар аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тиісті мекемелерге тапсырды. Сонымен қатар таяуда ғана Тараз қаласында болған жан түршігерлік жайттың қала мектептерінде орын алмауын басты назарға алу керектігін баса айтты. Осы бағытта жергілікті полиция қызметі мен мектеп директорларын бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында  оқу орындары арнайы жұмыс жоспарын құрған. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп келеді. Алдын алу шараларының бір тетігі - оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар