ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ӨСІП КЕЛЕДІ

14:12, 29 қазан 2019

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында мектеп оқушылары арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Көкжыра ауылында ұйымдастырлған спорттық шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдау. Себебі, барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұл туралы Президенттің биылғы жолдауында да айтылған. Президент өз Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді деп атап өтті. Ал денсаулық кепілі – спорт. Сондықтан Тарбағатай ауданында жыл сайын оқушылар арасында волейболдан облыстық жарыс ұйымдастырылады.Екі күн бойы өткен волейбол турнирінде барлығы 24 команда бақ сынады. Ұлдар арасындағы ойынды айтпағанда, волейболшы қыздар да тартысты кездесулер өткізді.Жалпы, Тарбағатай ауданында волейболға деген қызығушылық жоғары. Жылдан жылға спорттың бұл түрімен айналысатын жастар көбейіп келеді. Ала допты алақанында ойнататын балалар талай байрақты бәсекеде топ жарып жүр.Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында бірінші орынды Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан келген оқушылар жеңіп алды. Ал ұлдар арасында Өскемен қаласынан келген жас волейболшылар командасы үздік атанды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар