ШҰҒЫЛ! Қауіпті ойыншықтар Толығырақ

Жас мамандар

14:14, 19 шілде 2019

Медицина саласына ден бұрған жас мамандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Диплом алған студенттер бүгін дәрігер және медбике болып, еліміздің түкпір-түкпірінде ем-дом жасап жүр.  «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деген Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына лайықты жұмыстар атқарылу үстінде. Соның бір көрінісі Алтай ауданында дейді тілшілер сюжеті.Шығыс Қазақстан облысы жас мамандардың қабілетін толыққанды ашатын орта қалыптастыруды қолға алды. Жастар бұл ретте қарастырылған жағдайда өз ісінің мамандары екенін дәлелдеу үстінде. Хирургиялық, терапиялық  бөлімшелерге қызметкерлер қабылдануда.  Мамандардың көп болғаны жақсы, мәселен, 3 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер саны 12-ге жетті.Мемлекет тарапынан осындай жас мамандарға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Тұрғын үймен қамтылуы өмір сүру сапасыз арттыратыны айтпаса да түсінікті. Облыс дәрігерлері жыл сайын шетелдерде білім-біліктілік сатысынан өтіп келіп жатыр. Тәжірибе алмасуға жасалған мүмкіндік. Жастар саясатына республикада көзқарас оң деген сөз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар