ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жас құтқарушылар сайысы

13:30, 16 мамыр 2019

Өскеменде 15 оқушы құтқару операциясына қатысты.  Төтенше жағдайлар басқармасы басшылығымен өткен оқу-жаттығуда балалар өртті ауыздықтау әдістерін үйреніп, алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырларына машықтанды.Бұл жас құтқарушылар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша өткізіліп отырған 14 дәстүрлі жарыс. Биыл дода бірден бірнеше қиын кезеңнен тұрды. Спорт эстафетасында ұлдар мен қыздар өздерін өрт сөндірушілер рөлінде сынап көрді. Барлығы шынайы құтқарушылардағыдай: командалық рух, үйлесімді әрекет. Себебі, төтенше жағдайда ойланарға уақыт жоқ.Балалар жарыста алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Олардың айтуынша, бұл өздері ойлағандай, оңай емес. Алайда, қойылған міндетті жас құтқарушылар мүлтіксіз орындап шықты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...