ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Жас кәсіпкерге қолдау көп

13:52, 7 қараша 2019

Шағын және орта бизнесті дамытуда жастар әлеуетін кеңінен пайдалану керек. Мемлекет басшысы кәсіпкерлік өрісін кеңейтіп, жүзеге асыру бойынша тиісті тапсырмалар берді. Үкімет тарапынан «Жас кәсіпкер», «Жаса», «Жас проджект» сынды  бағдарламалар  жүзеге асуда. Мемлекеттік жобалардың  игілігін көріп, бастаған ісін өрге домалатып отырған жас кәсіпкерлер Зайсан ауданында жемісті қызмет атқаруда. Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында мемлекетімізді әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына енгізуді басты мақсат етіп, 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес үлесін 50%-ға жеткізуді тапсырды. Осы орайда өзін жұмыспен қамтып, ісін енді ғана бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бірнеше тың жоба қолға алынды. «Жас кәсіпкер», «Жаса» мемлекеттік бағдарламаларының ұтымды тұстарын пайдалана білген зайсандық жас кәсіпкерлер бүгінгі таңда өз қызметтерін бастап кетті. Солардың бірі - Толқын Қабдрахимова. «Бизнес бастау» жобасы аясында грант иегері атанған ол 2019 жылы «Зайсан музыкалық студиясын» ашты. Студия дыбыс жазу, ән өңдеу, әрлеу жұмыстарымен айналысады. Мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапқан жобалардың бірі «Болашақ интеллектуалдық» клубы. Бастаманы жүзеге асырған Нұртас Шәріпбеков. «Жаса» жобасының  грант иегері бірнеше бағытты қамтыған. Мұнда кинотеатрдан бастап түрлі логикалық ойындар бар. Киберспортты  сүйер қауымның да бар жағдайы ойластырылған. Жас кәсіпкер жақында караоке залын да ашпақшы. Мұнда келем деушілердің жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ. Тіпті, жылы жерде ыстық шәй ішіп, қазақ әдебиеті алпауыттарының шығармаларын оқимын десеңіз арнайы кітапхана мәселенің шешімі. Мұнда келушілер «Болашақ интеллектуалдық» клубының кеңейіп жатқандығына дән риза. Сонымен қатар мұнда, «Болашақ музыка» студиясыда жұмыс істейді.  Мұнда 15 жуық бала вокалдан сабақ алады. Вокал студиясының аудан, облыс көлемінде еңсерген жетістіктерде біршама. Аталған жоба жетекшісі – Наурызхан Іспек.  5 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді қабылдап, тәлім беретін өнер орталығының алға қойған мақсаттары да ауқымды. Болашақ музыка» студиясында Қымбат Татееваның немересі тәлім алады.  Баланың алып жатқан біліміне, жетістіктеріне әжесі дән риза. Зайсан ауданы жас кәсіпкерлердің жүзеге асқан жобаларының саны бойынша облыс көлемінде көш бастап тұр. Мемлекеттік қолдау аясында бизнеске бет бұрған алғашқы толқынның өзінде 40-тан астам бастама іске асқан. Қазіргі таңда олардың саны 50-ге жетті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар